Нұрбек Оралбай украиналық қарсыласы туралы: “Хижнякпен араласпаймын, бір-бірімізді аямаймыз“

Париж Олимпиадасында украиналық боксшыға есе жіберіп алған қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай қарсыласы туралы айтып берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Олимпиаданың күміс жүлдегері Нұрлан Қоянбаевтың "Түнгі студия" бағдарламасында қонақ болған. Нұрлан Қоянбаев спортшыдан қай елдің спортшыларымен араласатынын, Хижнякпен қарым-қатынасы қандай екенін сұрады. 

"Өзіміздің көршілер – өзбектермен, бүкіл спортшылармен жақсы араласамын. Бірақ сыртта дос болғанмен, рингте қарсыласпыз. Бір-бірімізді аямаймыз. Финалда дәл менің қарсыласым болған украиналық боксшы Александр Хижнякпен араласпайтынмын. Сөйлескің келеді, ол сөйлеспейді. Өзі сондай боксшы екен. Ешкіммен араласпайтын. Оның әкесі бапкер. Екеуі бірге тұрады, бірге жүреді. Алдағы уақытта тағы да бірге шығамыз ғой жарыстарда", – деді Нұрбек Оралбай. 

Еске салайық, Нұрбек Оралбай Олимпиадада қырғыз бен өзбек спортшылардың қолдауы туралы айтқан болатын. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!