Нұрайдың өліміне қатысты іс: тергеу аяқталды

Нұрайдың өліміне қатысты іс: тергеу аяқталды
Фото: туыстары ұсынған

Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты соталды тергеу аяқталды. Бұл туралы марқұмның отбасының адвокаты Аянхан Омаров мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Аянхан Омаровтың айтуынша, жәбірленуші тарап қылмыстық істің 7 томымен танысып, олардың көшірмесін алған.

"Бұл іс бойынша тергеу аяқталды. Қазір процеске қатысушылар қылмыстық іс материалдарымен танысып жатыр. Осы процедура аяқталғаннан кейін іс сотқа жолданады. Танысу барысы туралы қосымша ақпарат кейінірек беріледі", - деді адвокат.

Нұрайдың өліміне қатысты іс

Еске салайық, 2026 жылы 11 қаңтарда Шымкентте пышақ жарақаттарынан 21 жастағы қыз көз жұмды. Кейін күдікті қала аумағынан шамамен 10 шақырым қашықтағы ашық жерде ұсталды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Massaget.kz жаңалықтар сайты (@massaget.kz)

Жақындарының айтуынша, күдікті қыздың арқа тұсына жеті рет пышақ сұққан, бетін тілген, мойнын осып жіберген. Олар мұны қасақана дайындалған аса ауыр қылмыс деп санайды. Сондықтан әділ тергеуді, қатаң жазаны талап етіп отыр.

Президент 20 қаңтарда өткен Ұлттық құрылтайда Нұрайдың өліміне қатысты жағдайға пікір білдірді.

Осылайша Шымкент полициясының басшысы Нұрлан Алмасбеков студент Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты істен кейін жұмыстан шығарылды. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget