Нұрайдың өліміне қатысты іс: Шымкент полициясына жаңа басшы тағайындалды

Шымкент Полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Шымкент Полиция департаментінде көшпелі кеңес өткізді.

"Жиын барысында ІІМ басшысы жеке құрамға Шымкент Полиция департаментінің жаңа басшысы Мұхтар Қожаевты таныстырды. Ол бұған дейін ІІМ Тергеу департаментін басқарған. Полиция генерал-майорының басқару, тергеу саласында мол тәжірибесі бары, тергеушіден бастап орталық аппарат департаменті басшысына дейінгі қызмет жолынан өткені айтылды", - деп жазылған хабарламада.

ІІМ баспасөз қызметі

Нұрайдың өліміне қатысты іс

Еске салайық, 11 қаңтарда Шымкентте пышақ жарақаттарынан 21 жастағы қыз көз жұмды. Кейін күдікті қала аумағынан шамамен 10 шақырым қашықтағы ашық жерде ұсталды. 

Жақындарының айтуынша, күдікті қыздың арқа тұсына жеті рет пышақ сұққан, бетін тілген, мойнын осып жіберген. Олар мұны қасақана дайындалған аса ауыр қылмыс деп санайды. Сондықтан әділ тергеуді, қатаң жазаны талап етіп отыр.

Президент 20 қаңтарда өткен Ұлттық құрылтайда Нұрайдың өліміне қатысты жағдайға пікір білдірді.

Осылайша Шымкент полициясының басшысы Нұрлан Алмасбеков студент Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты істен кейін жұмыстан шығарылды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!