Нұрайдың өліміне қатысты іс материалдары қашан сотқа жолданады?

Нұрайдың өліміне қатысты іс материалдары қашан сотқа жолданады?
Фото: otyrar.kz

Нұрайдың өліміне қатысты қылмыстық істі тергеу қай кезеңде және материалдар қашан сотқа жолданады? Осы сауалдарға Сенат дәлізінде ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Санжар Әділов жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Санжар Әділовтің айтуынша, қылмыстық іс бойынша тергеу маусымда аяқталады. Содан кейін материалдар сотқа жолданады.

Айта кетейік, бұған дейін күдікті психикалық емдеу орталығына жатқызылғаны хабарланды. Кейін полиция күдікті неге психикалық орталыққа жатқызылғанын түсіндірді.

Сонымен қатар, сот-психиатриялық сараптама  нәтижесінде күдіктінің ақыл-есі дұрыс деп танылды. 

Нұрайдың өліміне қатысты іс

Еске салайық, 2026 жылы 11 қаңтарда Шымкентте пышақ жарақаттарынан 21 жастағы қыз көз жұмды. Кейін күдікті қала аумағынан шамамен 10 шақырым қашықтағы ашық жерде ұсталды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Massaget.kz жаңалықтар сайты (@massaget.kz)

Жақындарының айтуынша, күдікті қыздың арқа тұсына жеті рет пышақ сұққан, бетін тілген, мойнын осып жіберген. Олар мұны қасақана дайындалған аса ауыр қылмыс деп санайды. Сондықтан әділ тергеуді, қатаң жазаны талап етіп отыр.

Президент 20 қаңтарда өткен Ұлттық құрылтайда Нұрайдың өліміне қатысты жағдайға пікір білдірді.

Осылайша Шымкент полициясының басшысы Нұрлан Алмасбеков студент Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты істен кейін жұмыстан шығарылды. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget