Нұрайдың өліміне қатысты іс: марқұмның отбасы Бас прокуратураға шағым жолдады

Нұрайдың өліміне қатысты іс: марқұмның отбасы Бас прокуратураға шағым жолдады
Фото: марқұмның жақындары ұсынған

Марқұм Нұрай Серікбайдың отбасы тергеуді Шымкент полициясынан Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаментіне беруді сұрап отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мән-жайы

Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаров мәлімдеді.

"Нұрай Серікбайдың отбасы Шымкент Полиция департаментінің қызметкерлеріне сенім танытпағандықтан, қылмыстық іс бойынша соталды тергеуді Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаментіне тапсыруды сұрап отыр", - деді адвокат.

Оның айтуынша, Нұрайдың жақындары Президент әкімшілігіне, Бас прокуратураға және Ішкі істер министрлігіне шағым жолдаған.

Нұрайдың өліміне қатысты іс

Еске салайық, 11 қаңтарда Шымкентте пышақ жарақаттарынан 21 жастағы қыз көз жұмды. Кейін күдікті қала аумағынан шамамен 10 шақырым қашықтағы ашық жерде ұсталды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Massaget.kz жаңалықтар сайты (@massaget.kz)

Жақындарының айтуынша, күдікті қыздың арқа тұсына жеті рет пышақ сұққан, бетін тілген, мойнын осып жіберген. Олар мұны қасақана дайындалған аса ауыр қылмыс деп санайды. Сондықтан әділ тергеуді, қатаң жазаны талап етіп отыр.

Президент 20 қаңтарда өткен Ұлттық құрылтайда Нұрайдың өліміне қатысты жағдайға пікір білдірді.

Осылайша Шымкент полициясының басшысы Нұрлан Алмасбеков студент Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты істен кейін жұмыстан шығарылды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget