Нұрайдың өліміне қатысты іс: марқұмның ағасы мәлімдеме жасады

Нұрайдың өліміне қатысты іс: марқұмның ағасы мәлімдеме жасады
Фото: otyrar.kz

Шымкентте көз жұмған Нұрай Серікбайдың арызын қарамады деген күдікпен полицейлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ал марқұмның ағасы енді бұл іс бойынша "Сталкинг" және "Алып қашу" баптары да қаралатынына сенім білдіріп отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Жетінші арнаға" сілтеме жасап.

Оның сөзінше, былтыр қазанда күдікті марқұмды алып қашқанда және аңдуын тоқтатпаған соң бірнеше рет құқық қорғау органдарына жүгінген, алайда ешкім назарға да алмаған.

"Анализдер тапсырылды, тергеушілер өз жұмыстарын атқарып жатыр, әртүрлі түсініктеме алынып жатыр. Сараптаманы да күтіп отырмыз, оның да шешімі жақында шығып қалуы керек", - деді марқұмның ағасы Сұлтан Серікбай.

Нұрайдың өліміне қатысты іс

Еске салайық, 11 қаңтарда Шымкентте пышақ жарақаттарынан 21 жастағы қыз көз жұмды. Кейін күдікті қала аумағынан шамамен 10 шақырым қашықтағы ашық жерде ұсталды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Massaget.kz жаңалықтар сайты (@massaget.kz)

Жақындарының айтуынша, күдікті қыздың арқа тұсына жеті рет пышақ сұққан, бетін тілген, мойнын осып жіберген. Олар мұны қасақана дайындалған аса ауыр қылмыс деп санайды. Сондықтан әділ тергеуді, қатаң жазаны талап етіп отыр.

Президент 20 қаңтарда өткен Ұлттық құрылтайда Нұрайдың өліміне қатысты жағдайға пікір білдірді.

Осылайша Шымкент полициясының басшысы Нұрлан Алмасбеков студент Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты істен кейін жұмыстан шығарылды. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget