Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты тергеу барысы туралы айтты. Полицей тергеу аяқталуға жақын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ІІМ өкілінің сөзінше, қылмыстық іс бойынша сот-психиатриялық сараптама жүргізілген.
"Сот-психиатриялық сараптама жүргізілді, нәтижесі шықты. Ол заң алдында есі дұрыс адам ретінде жауап береді", - деді Санжар Әділов.
Айта кетейік, бұған дейін күдікті психикалық емдеу орталығына жатқызылғаны хабарланды. Кейін полиция күдікті неге психикалық орталыққа жатқызылғанын түсіндірді.
Еске салайық, 2026 жылы 11 қаңтарда Шымкентте пышақ жарақаттарынан 21 жастағы қыз көз жұмды. Кейін күдікті қала аумағынан шамамен 10 шақырым қашықтағы ашық жерде ұсталды.
Жақындарының айтуынша, күдікті қыздың арқа тұсына жеті рет пышақ сұққан, бетін тілген, мойнын осып жіберген. Олар мұны қасақана дайындалған аса ауыр қылмыс деп санайды. Сондықтан әділ тергеуді, қатаң жазаны талап етіп отыр.
Президент 20 қаңтарда өткен Ұлттық құрылтайда Нұрайдың өліміне қатысты жағдайға пікір білдірді.
Осылайша Шымкент полициясының басшысы Нұрлан Алмасбеков студент Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты істен кейін жұмыстан шығарылды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз