Нұрайдың өліміне қатысты іс: күдікті өмір бойына сотталуы мүмкін

Нұрайдың өліміне қатысты іс: күдікті өмір бойына сотталуы мүмкін
Фото: otyrar.kz

Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша жаңа дерек айтылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Сержан Нұрпейісов мәлімдеді.

"Іс 2-бөлік 5-тармақ - "аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру" бойынша қайта сараланды", - деді адвокат.

Бұл баптың санкциясы бойынша 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе мүлкін тәркілеумен не тәркілеусіз өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді.

Нұрайдың өліміне қатысты іс

Еске салайық, 11 қаңтарда Шымкентте пышақ жарақаттарынан 21 жастағы қыз көз жұмды. Кейін күдікті қала аумағынан шамамен 10 шақырым қашықтағы ашық жерде ұсталды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Massaget.kz жаңалықтар сайты (@massaget.kz)

Жақындарының айтуынша, күдікті қыздың арқа тұсына жеті рет пышақ сұққан, бетін тілген, мойнын осып жіберген. Олар мұны қасақана дайындалған аса ауыр қылмыс деп санайды. Сондықтан әділ тергеуді, қатаң жазаны талап етіп отыр.

Президент 20 қаңтарда өткен Ұлттық құрылтайда Нұрайдың өліміне қатысты жағдайға пікір білдірді.

Осылайша Шымкент полициясының басшысы Нұрлан Алмасбеков студент Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты істен кейін жұмыстан шығарылды. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget