Нұрай Серікбайдың өлімі: күдікті психикалық емдеу орталығына жатқызылған

Нұрай Серікбайдың өлімі: күдікті психикалық емдеу орталығына жатқызылған
Фото: марқұмның жақындары ұсынған

Шымкентте көз жұмған Нұрай Серікбайдың ағасы "күдікті жазадан құтылып кетуі мүмкін" екенін мәлімдеді. Оның сөзінше, кісі өліміне күдікті қазір Шымкент қаласындағы изоляторда емес. Оның айтуынша, күдіктіге жасалған сараптамада "психикалық ауытқуы байқалады" делінген. Алайда жәбірленуші тарап бұған сенбейді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Жетінші арнаға" сілтеме жасап.

Нұрай Серікбайдың ағасы күдіктінің дені сау екеніне сенімді. "Ол жалған анықтама жасатып, жазадан құтылып кетуі мүмкін деп қорқамыз", - дейді ол.

"Біріншісі Шымкентте қаралған болатын, "психикалық ауытқуы байқалған" деп анықтама берген. Біз оған сенбей, Алматыдан сараптама талап еттік, күдікті сол жаққа барды, ол жақта да осындай анықтама берді. Бұл жерде симуляцияның белгілері көрініп тұр. Өйткені күдікті - кәдімгі ортада өмір сүріп жүрген адам, сау адам. Естігенім бойынша қазір күдікті Шымкент қаласында емес. Ол Талғардағы психикалық емдеу орталығында", - деді марқұмның ағасы Сұлтан Серікбай.

Жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаров та тергеу созылып жатқанын жоққа шығармайды.

Нұрайдың өліміне қатысты іс

Еске салайық, 2026 жылы 11 қаңтарда Шымкентте пышақ жарақаттарынан 21 жастағы қыз көз жұмды. Кейін күдікті қала аумағынан шамамен 10 шақырым қашықтағы ашық жерде ұсталды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Massaget.kz жаңалықтар сайты (@massaget.kz)

Жақындарының айтуынша, күдікті қыздың арқа тұсына жеті рет пышақ сұққан, бетін тілген, мойнын осып жіберген. Олар мұны қасақана дайындалған аса ауыр қылмыс деп санайды. Сондықтан әділ тергеуді, қатаң жазаны талап етіп отыр.

Президент 20 қаңтарда өткен Ұлттық құрылтайда Нұрайдың өліміне қатысты жағдайға пікір білдірді.

Осылайша Шымкент полициясының басшысы Нұрлан Алмасбеков студент Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты істен кейін жұмыстан шығарылды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget