• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Нұрәлі Әлиев өкілеттігін тоқтатты

Нұрәлі Әлиев өкілеттігін тоқтатты
Фото: Марат Құрақов/Астана әкімдігі/Kazpravda.kz

Нұрәлі Әлиев "Транстелеком" АҚ директорлар кеңесі төрағасы ретіндегі өкілеттігін тоқтатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Нұрәлі Әлиев Instagram-да мәлімдеді. Оның айтуынша, акционерлер құрамынан шығып, компания сатылуына байланысты директорлар кеңесі төрағасы ретіндегі өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдаған.

Компания туралы

"Транстелеком" - қазақстандық ірі байланыс операторларының бірі, телекоммуникация және IT-қызметтермен айналысады. Forbes мәліметтері бойынша Unit Telecom арқылы компания акцияларының 75 пайызына иелік етушілер - Нұрәлі Әлиев пен Дмитрий Покупателев. Қалған 25 пайызы "Қазақстан темір жолында". Бұрын компания мемлекетке тиесілі болды. 2015 жылы "Транстелеком" 9 миллиард теңгеге жекешелендірілгені хабарланды.

2022 жылғы сәуірде Үкіметке "Транстелекомды" сату жөніндегі мәміле салдарынан мемлекетке келтірілген залал мәселесін зерттеу ұсынылды. 

Айта кетейік, Нұрәлі Әлиев - Дариға Назарбаеваның ұлы.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget