- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Нұр-Сұлтанның бұрынғы атауы...
Нұр-Сұлтанның бұрынғы атауы қайтарылса, қосымша қаражат керек пе?
Қаржы министрлігі өкілі Парламент Қазақстан астанасына бұрынғы атауын қайтару туралы шешім қабылдаса, қосымша ақша талап етілмейтінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Парламент елорданың бұрынғы атауын мемлекеттік органдарға қайтару туралы шешім қабылдаса, қаржы ғимараттардағы маңдайшаларды ауыстыруға және бланк өнімдерін ауыстыруға қажет болады", - делінген Қаржы министрлігі хабарламасында.
Қаржы министрлігі мәліметінше, бұл мемлекеттік органдардағы көптеген процесті цифрландыруды ескере отырып, кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.
"Бұл шараларды мемлекеттік органдарды ұстауға арналған қаражат аясында, қосымша ақша бөлмей-ақ жүзеге асыруға болады. Басқаша айтқанда, қосымша қаражат талап етілмейді", - деп толықтырды Қаржы министрлігі өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін Астана атауын қайтару туралы ұсыныс Тоқаевтың келісімімен Конституциялық заң жобасына енгізілгені хабарланған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова