Нұр-Сұлтанның бас санитария дәрігері жаңа қаулыға қол қойды

Нұр-Сұлтанның бас санитария дәрігері жаңа қаулыға қол қойды

Нұр-Сұлтан қаласының санитария дәрігері Сархат Бейсенова қаланың "сары" аймаққа көшуіне байланысты шектеу шараларын енгізу туралы қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі.

Қалада мына шараларды сақтау ұсынады:

  • адамдар көп жиналатын орындарға (автовокзалдар, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, жабық базарлар, концерт залдары, театрлар, кинотеатрлар, халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), банктер, стадиондар және басқа да спорттық құрылымдары және т.б.), ұйымдасқан ұжымдарға барған кезде, сондай-ақ қалалық қоғамдық көлікте жол жүрген кезде бетперде тағу, 5 жасқа дейінгі балаларды және тамақтану кезін қоспағанда;
  • қатысушылар саны 10 адамнан асатын кеңестер (отырыстар) өткізуді қашықтықтан өткізу түріне көшіру.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасы, мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар, кәсіпорындардың, ұйымдардың басшылары, кәсіпкерлік субъектілері қамтамасыз етсін:

  • қоғамдық орындарда бетперде тағу жөніндегі ұсынымдарды сақтауды және қолды өңдеуге антисептиктерді қолдануды;
  • жүкті әйелдерді, COVID-19 вакцинациясына абсолютті қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерді және COVID-19 науқаспен байланыста болған адамдарды (дистанциялық форматта міндеттерін орындау мүмкін емес қызметкерлерді қоспағанда) қашықтықтан жұмыс істеу форматына көшуді;
  • тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияға қарсы уақтылы вакцинация және ревакцинация бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
  • білім беру ұйымдарында топтар мен сыныптарды біріктіріп іс-шаралар өткізуді болдырмау (топтарда іс-шаралар өткізуге рұқсат етілген);
  • адамдар көп жиналатын объектілерде, оның ішінде қоғамдық көлікте дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу, желдету және ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі және желдету режимін сақтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды.

Қаулының толық мәтіні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің сайтында жарияланған.

Қаулы 23 шілдеде күшіне енеді.

Г. Досымшалова