Нұр-Сұлтандағы спа-салондардың бірінде интим қызметі көрсетілген

Нұр-Сұлтандағы спа-салондардың бірінде интим қызметі көрсетілген
Фото: pixabay.com

"Учаске" жедел алдын алу іс-шарасы аясында "Есіл" ауданының аумағындағы спа-салонда интимдік қызмет көрсету бойынша заңсыз әрекет дерегі анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Тексеру барысында салон қызметкерлерінің клиенттерге интимдік қызмет көрсеткені мәлім болды. 20-29 жас аралығындағы қыздар мен салон әкімшісі анықталды.

Әкімшілік жауапкершілікке тартылған 12 азамат полицияға жеткізілді. Салонның заңсыз қызметі тоқтатылды.

Елордада 8 тамыздан бастап "Учаске" жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Жедел алдын алу іс-шарасы басталғалы бері учаскелік полиция инспекторлары 8 мыңнан астам тұрғын үй массивін, оның ішінде 2,5 мыңнан астам пәтерді, 1110 жеке үйді және 404 қараусыз қалған үйді аралап шықты. Сондай-ақ 6,5 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Е. Төлеш