- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Нұр-Сұлтандағы мешітте билеген...
Нұр-Сұлтандағы мешітте билеген қызға қатысты жаңа деректер айтылды
Республикалық Бас мешіттің баспасөз қызметі мешіт әдебін сақтамаған қызға қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Massaget.kz.
"21 тамызда сағат 18:48-де Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Республикалық Бас мешітке келген қыз құлшылық үйінің ішкі тәртібі мен әдебін өрескел бұзып, имам жұмысына, намаз оқушылардың құлшылығына кедергі келтірді", - делінген хабарламада.
Мешіт баспасөз қызметінің мәліметінше, дін қызметкерлері оған мешіт әдебін түсіндірген. Алайда имам кеңесіне бағынбаған ол "мен Мәһдимін, оны осы жәрде дәлелдеуім керек" деп қарсылық танытқан. Мешіт қызметкерлері ер-азаматтар намаз оқитын орынға әйелдер келуіне болмайтынын жеткізіп, оны сыртқа шығаруға мәжбүр болған.
"Ол мешіт ауласында ерсі әрекеттер жасап, күзетшілердің ескертуіне құлақ аспады. Күзетшілер оны мешіт ауласынан шығаруға мәжбүр болды. Мешітте әдеп сақтамаған қыздың жеке тұлғасына қатысты мәлімет жоқ. Осы ретте мешітке келуші азаматтарды құлшылық үйінде қарапайым адамгершілік әдептерді сақтауға шақырамыз", - деді Бас мешіт өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін Нұр-Сұлтанда мешітте түсірілген видео Желі қолданушыларын ашуландырғанын жазған едік. Видеода қыз шашын жайып айғайлап ән айтып, билеп жүргені, оны бір топ адам тамашалап тұрғаны көрсетілген.
Е. ТөлешПосмотреть эту публикацию в Instagram