Нұр-Сұлтанда ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Елорда Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың 3 қатысушысын ұстады. Олардың "бұзақылық" бойынша қылмыстық қудалаудан жасырынғаны және Петропавл қаласында іздеу жарияланғаны анықталды.
Күдіктілерді ұстау кезінде олар травматикалық патрондармен оқталған WALTHER, ОСА маркалы тапаншалармен, сондай-ақ суық қарумен қаруланған. Аталған дерек бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!