Желіде қала орталығында жұрттың көзінше қызды соққыға жыққан елорда тұрғынының видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видео ZTB Telegram-арнасында жарияланған. Кадрлардан ер адам қызды ұрғанын, кейін олар көлікке отырғаны көрінеді.
Нұр-Cұлтан Полиция департаменті өкілі оқиға туралы хабарлама 6 қыркүйекте сағат 12:47-де келіп түскенін айтты.
"Полиция қызметкерлері оқиғаның барлық қатысушысын Есіл ауданының полиция басқармасына жеткізді. Жанжал әкесі мен қызы арасында болғаны анықталды. Тараптар арыз жазудан бас тартты. Олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді", - деді полицейлер.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!