- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Нұр-Сұлтанда локдаун енгізіледі...
Нұр-Сұлтанда локдаун енгізіледі
21 наурызда Нұр-Сұлтанда локдаун енгізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нұр-Cұлтанның "қызыл" аймақта екенін ескеріп, жексенбі күні, яғни 21 наурызда қалада локдаун енгізіледі. Жексенбіде сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда орталықтары (онда орналасқан дәріханаларды, сонымен бірге тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажет заттарды сататын және орналасқан жеріне қарамастан қызметіне рұқсат етілген объектілерді қоспағанда), азық-түлік сатпайтын жабық базарлар, азық-түлік тауарларын сатпайтын объектілер, жабық спорт объектілері, Халыққа қызмет көрсету орталықтары, "Қазпошта" АҚ сияқты мекемелердің жұмыс істеуіне тыйым салынады, - делінген ресми хабарламада.
Сонымен бірге дезинфекция жұмыстары жүргізілуіне байланысты жексенбіде қоғамдық көлік жұмысы тоқтайды.
Сенбі және жексенбі күндері фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, спорттық-сауықтыру объектілерінің, сауналардың, СПА-орталықтардың ("сары" аймақ критерийлері қолданылатын Ashyq пилот жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда) жұмысына тыйым салынады.
Қаладағы эпидемиология ахуалы тұрақсыз. Өткен мереке күндерінен кейін коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны күрт көбейді. Осыған байланысты 18 наурыздан бастап карантиннің қосымша шектеулері бар қаулы қолданысқа енгізіледі. Наурыз мейрамына орай бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынады. Инфекцияның өршуіне жол бермеуіміз керек. Медицина ұйымдарына және медицина қызметкерлеріне шамадан тыс жүктеме болмас үшін қатаң санитария нормалары сақталуы керек, - деді Нұр-Cұлтанның бас санитария дәрігері Сархат Бейсенова.
Сархат Бейсенова 18 наурыздан бастап (мейрамханалар, дәмханалар, барлар, асханалар) жұмыс және демалыс күндері 07.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс уақыты қысқарғанын айтты. Сонымен қатар 18 наурыздан бастап кинотеатрлар мен кинорумдардың жұмысына тыйым салынады.
Н. Үсенова