- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Нұр-Сұлтанда лифт ішінде...
Нұр-Сұлтанда лифт ішінде дәрет сындырған медицина қызметкері қамауға алынды
Нұр-Сұлтанда лифт ішінде дәрет сындырған медицина қызметкері 5 тәулікке қамауға алынды, - деп хабарлайды Мassaget.kz Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оған қатысты ӘҚБтК 434-бабы 1-бөлігі "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.
"Сот отырысы барысында құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінді. Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот оны қоғамға әдепсіздік танытқаны және қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша құқық бұзушылық жасағанына кінәлі деп танып, 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алды", - делінген хабарламада.
Еске салайық, Нұр-Сұлтандағы тұрғын үй кешендерінің біріндегі лифтіде дәрет сындырған медицина қызметкері видеоға түсіп қалған болатын.
Г. Досымшалова