- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Нұр-Сұлтанда жігіт бейтаныс...
Нұр-Сұлтанда жігіт бейтаныс адамды аяусыз соққыға жыққан
Нұр-Сұлтанда жігіт бейтаныс адамды аяусыз соққыға жыққан, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияның "102" арнасына Конституция көшесіндегі кафе жанында төбелес болып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Сағат 02:00 шамасында 30 жастағы жәбірленуші көңіл көтеру орнына келгені анықталды.
"Ол мас күйінде кафенің ішінде басқа екі адаммен жанжалдасқан, кейін жанжал төбелеске ұласқан. Кафенің кіреберісінде мәселені шешу барысында оларға 25 жастағы белгісіз жігіт қосылып, агрессив түрде әрекет етіп, жәбірленушінің бетіне жұдырығымен соққы берген. Жәбірленуші алған соққыдан асфальтқа құлап, есінен танып қалған.
Төбелеске қатысушылар оқиға орнынан бой тасалаған. Полицейлер күдіктіні ұстап, "Сарыарқа" ауданының Полиция басқармасына жеткізді. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру дерегі бойынша ұсталған ер адамға қатысты ҚР ҚК-нің 106-бабымен соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Күдіктінің мұндай төбелеске қатысуы бірінші рет емес екені белгілі болды. Ол 2015 жылы осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотталған. Қазір ұсталған ер адам ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның елорда аумағында бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.
С. Бөлек