Нұр-Сұлтанда футбол алаңынан ер адам өлі табылды. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Мassaget.kz.
"26 шілдеде сағат 10.11-де "102" арнасына Петров көшесіндегі футбол алаңының жанынан 38 жастағы ер адамның мәйіті табылғаны туралы қоңырау түсті", - делінген Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қазір аталған оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша соталды тергеу жүріп жатыр.
Сонымен қатар, сот-медициналық сараптама тағайындалды.