Нұр-Сұлтанда полицейлер өзін-өзі өртемек болған адамды тоқтатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ақпарат Polisia.kz Telegram-арнасында пайда болды.
"Елорданың ПД Жедел басқару орталығының қызметкерлері Мәңгілік Ел даңғылы бойында өзін-өзі өртеуге тырысқан ер адамды анықтады. 37 жастағы ер адам Семей қаласында шығарылған сот шешімімен келіспей, өзін-өзі өртемек болған. Оған медициналық көмек көрсетілді", - делінген хабарламада.
Бұл дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!