Нұр-Сұлтанда жас әйелдің мәйіті табылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Басылым мәліметінше, 102 пультіне Әуезов көшесіндегі үйдің тұрғынынан баспалдақ алаңында қанталаған әйел жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.
Оқиға орнына келген полицейлер дене жарақаттары бар 34 жастағы әйелдің мәйітін тапты. Елордалық жедел уәкілдер жедел іс-шаралар жүргізу барысында бір тәуліктің ішінде Ақмола облысының аумағында 37 жастағы күдіктіні ұстаған.
"Ер адам бір күн бұрын аулада жас әйелмен танысып, бос уақытын өткізу үшін оны пәтеріне шақырған. Отырыс барысында күдікті мен қонақтың арасында жанжал туындап, ер адам спорттық зілтемірден металл белтемірді алып, жәбірленушінің денесіне бірнеше рет соққы жасаған. Әйелдің есінен танып бара жатқанын көрген ол оны пәтерден алып шығып, баспалдақ алаңында қалдырған. Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдікті ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!