- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Нұр-Сұлтанда ер адам...
Нұр-Сұлтанда ер адам әйелін кепілге алған
Фото:
instagram/astana_sergek
Нұр-Сұлтандағы сауда үйлерінің бірінде ер адам әйелін кепілге алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, 4 шілдеде сағат 17.06-да "102" арнасына "Тұлпар" сауда үйінде қару ұстаған ер адам әйелді кепілге алғаны туралы ақпарат түскен.
"47 жастағы ер адам ұсталды. Операция барысында зардап шеккендер жоқ. Шолақ мылтық алынды. Кепілдегі ер адамның әйелі екені анықталды. Оқиғаға ажырасу процесі себеп болған. Әйелге психологиялық көмек көрсетіліп жатыр", - деді баспасөз қызметінің жетекшісі Эльмира Шәуленова.
Дерек бойынша соталды тергеу басталғаны айтылды. Қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Д. Шәріпхан