Нұр-Cұлтанда белгісіз біреулер тыйым салынған заттары бар түйіншекті түзеу мекемесі аумағына лақтырған, - деп хабарлайды Massaget.kz Нұр-Сұлтан қаласы ҚАЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Оқиға елорда колонияларының бірінде болды. Серуендеу кезінде сотталғандардың бірі ауладан шығып кеткен. Оны колония қызметкерлері ұстады. Сотталушының әрекетін анықтау үшін қызметкерлер колония аумағын тексерді. Тексеріс барысында учаскелердің бірінде скотчпен оралған түйіншек табылды", - деді ҚАЖД баспасөз қызметі өкілі.
Баспасөз қызметі мәліметінше, түйіншекте тыйым салынған заттар, яғни ақ түсті ұсақ кристалл тәрізді заты бар қара таспамен оралған түйіншек, сұр-жасыл түсті ұнтақ тәрізді заты бар полиэтилен түйіншегі, белгісіз сұйықтық құйылған пластик ыдыс болған.
Тәркіленген заттар сараптамаға жіберілген, бұл дерек бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр.