- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Нұр-Сұлтанда әйел 24-қабаттан...
Нұр-Сұлтанда әйел 24-қабаттан секірмек болған
Елордада учаскелік полиция инспекторы 24-қабаттан секірмек болған әйелді құтқарып қалды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ведомство мәліметінше, "102" телефонына Уәлиханов көшесі бойында 24-қабаттың сыртқы ернеуінде әйел отырғаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына автопатруль жіберілген.
Сурет: polisia.kz
Бұл уақытта учаскелік инспектор Қуаныш Мирзаев әкімшілік учаскеде болған. Ол оқиғаны естіген соң уақыт жоғалтпай, көрсетілген үйге жүгіріп барып, өзіне қол жұмсамақ болған әйелді көрген. Санаулы секундта Қуаныш Мирзаев жоғарғы қабатқа көтеріліп, формасын шешіп тастаған. Ол техникалық қабаттың кішкентай терезесі арқылы сыртқы ернеуіне көтерілген. Кейін білдіртпей әйелдің артынан келіп, қолынан мықтап ұстап тұрған. Әйел қатты жылап, босап шығуға тырысқан. Осы уақытта құтқарушылар да келген. Олар оны терезе арқылы қауіпсіз жерге алып шыққан. Қазір полицейлер 27 жастағы қала тұрғынын мұндай әрекетке не итермелегенін анықтап жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова