Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров АҚШ қарулы күштерінің әскери ұшағы неліктен Нұр-Сұлтанға қонғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Сенбіде ресейлік Telegram-арналарында "АҚШ әуе күштерінің Boeing C-17A Globemaster III әскери ұшағы" Нұр-Сұлтанға қонды деген хабар тарады.
Смадияров ұшақтың келуі тәжірибе екенін түсіндірді.
"Бұл ұшақ америкалық тарап пен біздің арамыздағы келісім бойынша ұшып келді. Ол дипломатиялық жүкті Америка елшілігіне жеткізді. Мұндай тәжірибе бар. Дипломатиялық поштаны жеткізетін барлық ұшақ АҚШ Әскери-әуе күштеріне тиесілі. Бұған дейін облыстарға, кейбір елдерге хат жеткізген. Ұшақ бір жарым сағат тұрып, поштаны түсіріп, ұшып кетті", - деді Смадияров СІМ брифингінде.
Ол әлеуметтік желілердегі болжамға сенбей, тек ресми ақпаратқа сенуді сұрады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!