Нұр-Сұлтан орталығында BMW бағанаға соғылып, аударылып түсті, - деп хабарлайды "Массагет" тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілерде апат орнынан фото және видеолар жарияланды.
Елордалық полицияның баспасөз қызметінің мәліметінше, апат 25 маусымда сағат шамамен 00.10-да болған. BMW X7 жүргізушісі Достық көшесінің қиылысында ЕК-32 көшесімен келе жатып, көлігін басқара алмай, көше жарығын және "Тоқта" жол белгісін тіреуішті қағып, салдарынан көлік құралы аударылып түсті.
"Жол апаты салдарынан BMW X7 автокөлігінің жолаушысы ауруханаға жеткізілді, дәрігерлер тексергеннен кейін ол үйіне жіберілді. BMW X7 жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБК 610-бабы бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды. Материал түпкілікті шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді", - деп хабарлады ПД баспасөз қызметіндегілер.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!