Нұр-Сұлтан "сары" аймаққа жақындады, - деп хабарлайды Massaget.kz.
16 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, "жасыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары орналасқан.
Айта кетейік, кейінгі тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1470 жағдай тіркелген болатын.