Білікті құқықтанушылар әлеуметтік жәрдемақы алу, азаматтық құқықтар бойынша сауалдарға жауап береді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Карантин кезінде Нұр-Сұлтан Заң кеңесшілер палатасы заңгерлік әлеуметтік көмек көрсетуді жалғастыруда. Бұдан былай тұрғындар Telegram мессенджерінде көпшілік чат арқылы онлайн-форматта құқықтық кеңес ала алады.
«Біздің заңгерлеріміз сұрақтарға жауап береді және барлық сауал иелеріне 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік жәрдемақы ресімдеу, карантин кезінде кәсібін жүргізу, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, сондай-ақ отбасылық, еңбек, салық дауларына қатысты, т.б. өзекті мәселелер бойынша заңнамалық көмек көрсетеді. Барлық қызметтер тегін және тәулік бойы қолжетімді. Аталған қызметті заңгер көмегіне мұқтаж адамдарға хабарландыруға көмек көрсетулеріңізді сұраймыз», – делінген Палата хабарламасында.
Нұр-Сұлтан Заң кеңесшілер Палатасының Telegram-дағы тобы: https://t.me/astanazanger
Сілтеме-шақыру: https://t.me/joinchat/CY4ob0oji954rna6SZPAfw
2018 жылдан бері Нұр-Сұлтан Заң Кеңесшілер Палатасы 2,5 мыңнан астам адамға тегін заңгерлік көмек көрсетті.