15 сәуірге 42,5 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмекке өтініш білдірген 180 мыңнан астам қала тұрғыны төлем алды. Өтінім бергендер арасында қайталанған өтініштер және көмек алатын санатқа енбейтін тұлғалар бар. Бұл туралы қалалық штаб хабарлады.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 42,5 мың теңге көлемінде әлеуметтік төлем алушылардың тізімі ұлғайтылды. Төтенше жағдай кезінде қаржылай көмекті бұрын ресми жұмыс істеген адамдар ғана емес, бір жылдан бері декреттік демалыстағы өзін-өзі жұмыспен қамтыған әйелдер де, сондай-ақ, студенттер де алады. Барлық өтінімдер қарап жатырмыз. Алайда, әлеуметтік көмекті алуға тек арнайы санатқа енетін азаматтар жолдауы тиіс», – деп атап өтті Б.Мәкен.
Естеріңізге сала кетейік, қала тұрғындары әлеуметтік төлем алуға өтінішті «Электронды үкімет» веб-порталы, telegrambot egov.kz немесе 42500.enbek.kz сайты арқылы онлайн-режимде бере алады. Сондай-ақ жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына 55-14-87, 55-01-74, 55-69-59, 55-67-12 нөмірлері бойынша және 109 (iKomek) арқылы кеңес алуға болады.
Қалалық штаб құрамында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ, Нұр-Сұлтан қалалық кәсіпкерлер палатасы, Нұр-Сұлтан қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының және басқа да ұйым өкілдері жұмыс жасауда.