- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Нұр-Сұлтан қаласы 22...
Нұр-Сұлтан қаласы 22 наурыздан бастап жабылады
22 наурыздан бастап ел астанасына кіріп-шығу жабылады. Мұны Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бахтияр Макен хабарлады.
- Қалаға келетіндер мен кететіндерге уақыт бар. Оған үш уақыт берілді. Ұшақ пен пойыз жолдары ашық. Ал 22 наурыз күні түнде қала жабылады. Транзит жолдарының бәріне шектеу қойылады. Басқа қалаға баратын пойыздар астанаға тоқтамай өтетін болады, - дейді әкім.
Сондай-ақ, 22 наурыздан бастап, басқа жаққа кетіп қалған қала тұрғындары қайтып кіре алмайды. Блокпосттың барлығы жабылады.
- Бұл – карантин режімі. Сондықтан азаматтар түсіністікпен қарайды деп ойлаймыз. Қаладан кеткісі келетіндер кетсін. Тағы қайталаймын. Ал келгісі келгендер 22 наурызға дейін келсін, - деп атап өтті қала басшысы.
Егер қала тұрғындары межеленген уақытқа дейін үйіне жетіп үлгермесе, онда карантин біткенше күтуіне тура келеді.
Қ. Слямбек