- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Нұр-Cұлтанда балабақшада қайтыс...
Нұр-Cұлтанда балабақшада қайтыс болған бүлдіршіннің анасы туралы жаңа ақпарат шықты
Елордадағы жеке балабақшалардың бірінде бүлдіршін қайтыс болды, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.
Білім басқармасы мәліметінше, анасы кіші қызын тәулік бойы қарайтын балабақшаға берген. Кейін әйел балабақша ақысын төлемей, қызына бір айдан аса уақыт келмеген. Қазір оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
Ал бұған дейін ол үлкен қызын да қараусыз қалдырып, істі болған. Сот шешімімен оның аналық құқығы шектелген.
Ж. Қадыржанова"2 жасар қызды анасы жеке балабақшаға қалдырып кеткен. Бастапқыда ақшасын төлеп жүрген, бірақ кейін төлемей қойған. 11 сәуірде бүлдіршін көз жұмды деген ақпарат бар. Бала жуындырып жатқан кезде суға батқан. Үлкен қызына да анасы көңіл бөлмеген. Қазір ана құқығынан шектелді. Алимент өндірілді", - деді Нұр-Сұлтан қаласы кәмелет жасқа толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Марина Кушакова.