Елордада 123 адамды алдап, 149 миллион теңге залал келтірген компания басшысы ұсталды. Бұл туралы Мемлекет басшысының қабылдауында болған ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Мassaget.kz.
"Мысалы, елордалық полицейлер компаниялардың бірінің директорына қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады. Ол Норвегия Корольдігіне жұмысқа орналастырамын деген желеумен Қазақстанның 123 азаматын алдап, 149 миллион теңгеден аса көлемде залал келтірген. Күдікті кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген Ақорданың хабарламасында.
Қылмыстық процестің үш буынды моделін іске асыру аясында аса ауыр санаттағы 928 істі тергеп-тексеру жұмыстары аяқталып, сотқа жолданған. Сонымен қатар, сегіз ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды.