Барлық сандарды бір-біріне қосқанда, 1, 2 немесе 7 шығатын сомаларды қарызға бермеген дұрыс. Бұл жайлы нумеролог Светлана Зайцева "Москва 24"-ке айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, кез келген ақша сомасы қаржы саласына үлкен әсер береді. Сондықтан онымен қандай да бір әрекет жасамас бұрын, мысалы, қарызға беру, қарызға алу немесе бірдеңеге салмас бұрын оның потенциалын білу керек.
Ол үшін соманың барлық санын бір сан шыққанша қосу керек. Мысалы, 1500 деген соманы алсақ, ол 1+5+0+0=15, 1+5=6 болады.
"Бізде шыққан 6 – ол байлық саны. Егер есептеу нәтижесінде ол шықса, бұл соманы қарызға беруге болады. Сондай-ақ нәтижесі 4, 5 немесе 9 шықса да, қарызға беруге болады. Себебі олар – бейтарап сандар. Бірақ егер 1, 2 немесе 7 (кедейлік сандары) сандары шықса, бұл соманы ешкімге қарызға бермеген жөн", - дейді нумеролог Светлана Зайцева.
Нумеролог 1 санынан кіріс күтпеу керегін айтты. Есептеген кезде 1 шыққан соманы ештеңеге салмаған дұрыс. Маманның айтуынша, одан ешқандай нәтиже болмайды.
Нумерологияда 2 саны кедейлік, үнемділік және шығын саны болып саналады. Сондай-ақ ол өтірік пен ұрлықты білдіреді. Есептегенде осы сан шықса және оны қарызға берсеңіз, оны қайтармауы мүмкін.
3 саны – ашық сан. Ол жаңа қаржылық мүмкіндіктерді тартады және жинақты көбейтеді. Сандарды қосқанда бұл сан шықса, онымен маңызды әрекеттер жасауға болады.
4 саны тұрақтылық пен сенімділікті білдіреді. Оны қарызға берсеңіз, уақытында қайтарады.
"5 саны бейтарап болып саналады. Сандарды қосқанда 5 шықса, оны қарызға бере беруге болады, ол міндетті түрде қайтады. Алайда мұндай сомалар байлық тартпайды. Сондықтан оны жинаққа салуға келмейді", - дейді нумеролог.
6 саны күнделікті, жүйелі шығындар үшін жақсы. Оны сондай-ақ жинауға болады, ол көбейетін болады.
7 саны бақытты сан болып саналғанымен, ақша тұрғысынан ол сәттілік пен байлықты білдірмейді. Егер қандай бір соманың сандарын қосқанда 7 саны шықса, оны қарызға бермеген жөн.
8 саны – шексіздік, үздіксіз қозғалыс, соның ішінде ақшаның да қозғалысы. Қосындысы 8 шығатын соманы қарызға беруге және алуға болады.
9 саны шығатын соманы қарызға бермеген жөн. Оны сыйлауға немесе қайырымдылыққа салған жақсы.
Оқи отырыңыз: Біреуге қарызға ақша бермес бұрын мынаны біле жүріңіз!