- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Нүкеновтер Байжановты кешірмейтінін...
Нүкеновтер Байжановты кешірмейтінін мәлімдеді
Қуандық Бишімбаевқа қатысты кейінгі сот отырысында екінші айыпталушы әрі оның туысы Бақытжан Байжанов жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ал Нүкеновтер әлеуметтік желіде Байжановты кешірмейтінін жазды.
"Біздің отбасымыз Байжановты кешірмейді. Аянышты сөздердің артынан шындықты көрмедік! Оның спектакльді қалай керемет ойнағанын барлығы байқады деп үміттенемін (жанжал, қарғыс және т.б.). Бірақ осы шоудың артында ол (Бишімбаев - еск.) нұсқасын толық қолдайды. Азаптауды растайды, ол үшін (Бишімбаевқа - еск.) ең көбі 2 жыл беріледі. Бірақ асқан қатыгездікпенн кісі өлтірілгенін растамайды, ал бұл ұзақ жыл бойы немесе өмір бойы түрмеге тоғытуы мүмкін аса ауыр қылмыс! Байжанов көлікті неге паркингке апарғандарын, неге денені көрпемен орағандарын ашып айтқан жоқ. Оларға скотч неге қажет болғанын, заттай дәлелдемелер қайда екенін айтпады. Нашатырь қайда кетті? Егер олар ояту үшін бір бөтелке пайдаланса және ол оянбаса, бұл жайт біртүрлі көрінбеді ме? Аяқкиім мен штативте иістер мен іздер жоқ (бірақ біз нашатырь иістер мен іздерді жақсы кетіретінін білеміз). Гастроцентр ауданын қоршап алған МКҚ қызметкерлері оларға қалай кедергі келтіргені туралы да айтқан жоқ!" - деп жазды Самал Нүкенова.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, бұған дейінгі сот отырысында екінші айыпталушы Бақытжан Байжанов тың деректер айтты.
"Мен жедел жәрдемнің жанында болдым. Жедел жәрдемге келіп, "Бишімбаев өзін өлтірмекші" деп көмек сұрадым. "Олар "бізге кедергі келтірмеңіз, шығыңыз" деді. Сонымен бармен Абылайға хабарластым. Абылай екеуміз Бишімбаевты ұстап тұрдық", - деді Байжанов.
"Қуандық қолына пышақ ұстап жүрді" - Салтанат қаза тапқан жерде жұмыс істеген бармен
"Қуандықпен сөйлескен жоқпыз. Қуандық есеңгіреп жүрді. "Бақытжан, мен не істеп қойдым?! Қолыммен істегенді мойныммен көтеремін. Адам өлтірдім, бала-шағамның бетіне қалай қараймын? Енді өмір сүре алмаймын" деген сөздер болды", - деді ол.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова