Әйелін өлтірді деген күдікке ілінген экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты сот жарыссөздері өтіп жатыр. Қазіргі уақытта Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді сөз сөйлеп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Айтбек Амангелді қарындасының арманы қандай болғанын айтты.
"Салтанат қыздарға арналған астрология мектебін ашуды, табысты болуды армандайтын. Өзіне және балаларына қамқор бола алатындай болашағы жарқын болғанын армандайтын. Болашаққа деген жоспары, арманы көп болатын.
Болашақ өміріміз туралы көп сөйлесетінбіз. Менің армандарым қарапайым болатын. Бірақ Салтанаттың ұстанымы басқа еді. Әрине, Салтанаттың ең үлкен арманы - балалы болу еді. Сонымен қатар, Салтанат адамдарға тренингтер арқылы көмектескісі келетін. Ол артық ақша жұмсамай, оларды курстарға қатысу үшін жинайтын", - дейді Айтбек Амангелді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!