- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бишімбаев ісі бойынша апелляция
Нүкенованың ағасы Бишімбаевтан 1,5 миллиард теңге өндіруді сұрады: сот не шешті?
Астана сотының апелляциялық инстанциясы марқұм Салтанат Нүкенованың туыстарының моральдық шығын мөлшерін ұлғайту бойынша талап-арызын қарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұған дейін Бишімбаевтан қылмыстық іс барысында келтірілген шығындар 6 877 672 теңге және 10 миллион теңге сомасында моральдық өтемақы өндірілген еді.
Осы шешімге қатысты Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді апелляциялық шағым түсіріп, онда моральдық зиянды өтеу сомасын 1 миллиард 500 миллион теңгеге дейін ұлғайтуды сұраған.
"Іс материалдарынан жауапкер заңды күшіне енген айыптау үкімімен талапкердің әпкесін өлтіргені үшін кінәлі деп танылған. Марқұмның ағасы қайғылы оқиға салдарынан болған моральдық азап, денсаулығының нашарлауы және жұмыс қабілетінің жоғалуы туралы мәлімдеді. Марқұмның ата-анасы талапкердің пайдасы үшін өндіріп алудан бас тартты. Бірінші сатыдағы сот жақын туысының қайтыс болуы, әрине, талапкердің моральдық жағдайына теріс әсер еткенін және оның жеке мүліктік емес құқықтарын бұзғанын атап өтті және талап қоюды парасаттылық пен әділеттілік қағидаттарына сүйене отырып, ішінара қанағаттандырды", - делінген соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы шешімді өзгеріссіз, талап қоюшының апелляциялық шағымын қанағаттандырусыз қалдырды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан