Нүкенованың ағасы Бишімбаевқа тағайындалған жаза туралы ойын айтты

Нүкенованың ағасы Бишімбаевқа тағайындалған жаза туралы ойын айтты
Фото: Tengrinews.kz видеосынан скрин

Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаевқа тағайындалған жаза туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бұл біз шамамен болжаған мерзім болды. Ол түрмеден шыққан кезде 68 жаста болады. Бұл өмір бойына сотталумен тең. Түрмедегі жағдайды ескерсек, ол бұл жасына дейін өмір сүретіні екіталай", - дейді Айтбек Амангелді. 

Еске салайық, бүгін Бишімбаев ісіне қатысты соңғы сот отырысы өтті. Үкім бойынша Бишімбаев 24 жыл, Байжанов 4 жылға сотталды. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина