Салтанат Нүкенова қайтыс болған түні Bau мейрамханасына Ресей президенті Владимир Путиннің делегациясы келуі керек болған. Бұл туралы екінші айыпталушы Бақытжан Байжанов айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Байжановтың сөзінше, Астанаға келген ресейлік делегация мейрамханадағы Vip-бөлмені жалға алған.
"9 қарашада Ресей президенті Қазақстанға келді. Ұйымдастырушылар Bau мейрамханасындағы Vip-бөлмеде банкет ұйымдастырмақ болған", - дейді Байжанов.
Судья бұл ақпараттың іске қатысы жоғын айтты. Алайда жәбірленуші тараптың адвокаты бұл ақпараттың іске қатысы барын, осы себепті Байжанов пен Бишімбаев Салтанаттың денесін алып шыға алмағанын айтты.
"Олар РФ басшысының делегациясы болатынын біліп, Салтанаттың денесін алып шыға алмаған", - дейді адвокат Жанна Оразбахова.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!