Қазгидромет 14, 15, 16 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жауын-шашын бойынша
Солтүстік-батыс циклоны еліміздің басым бөлігіне әсер етеді. Батыс, солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде найзағай ойнап, екпінді жел соғып, бұршақ, нөсер жауын жауады. Елдің оңтүстік жартысының кейбір аудандарында ауа температурасы жоғары болса да, найзағай ойнап, өткінші жауын жаууы мүмкін.
Республика бойынша жел күшейіп, солтүстік пен шығыста түнгі, таңғы уақыттарда тұман түсуі ықтимал.
Ауа температурасы бойынша
- Республиканың батысында түнде +13...+18°C, күндіз +20...+30°C;
- Солтүстік-батыс пен солтүстікте түнде +10...+18°C, күндіз +18...+26°C;
- Орталық пен оңтүстік-батыста аптап ыстықтың беті қайтады: күндіз +25...+33°C-тан +20...+28°C-қа дейін төмендейді;
- Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста +33...+38°C-тан +30...+35°C-қа дейін төмендейді;
- Шығыс өңірлерде аптап ыстық сақталады, күндіз +25...+30°C шамасында.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова