"Қазгидромет" 31 тамыз, сенбі күніне арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Атмосфералық фронтальды бөлімдер Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипатын сақтайды: найзағаймен жаңбыр жауады. Республиканың батысында, оңтүстік-шығысында антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі", - делінген хабарламада.
Республика бойынша желдің күшеюі болжанып отыр. Солтүстік-батыста, солтүстікте, елдің орталығында түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болуы мүмкін.
Абай, Ұлытау облыстарда, Батыс Қазақстан облысының батысында, Атырау облысының орталығында, оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, орталығында Шығыс Қазақстан облысының батысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, батысында, шығысында, Жетісу облысының солтүстік жартысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!