- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Нөсер жаңбыр, тұман,...
Нөсер жаңбыр, тұман, үсік: 18 қыркүйекте ауа райы қандай болады?
Синоптиктер ертең, 18 қыркүйекте елдің басым бөлігінде ауа райы қолайсыз болатынын ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астанада түнде және таңертең тұман түседі.
Маңғыстау облысының басым бөлігінде, күндіз солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында екпін 15-20 м/с болады.
Түркістан облысының тау асуларында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Шымкентте жоғары өрт қаупі бар.
Атырау облысының шығысында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Ақтөбе облысының батысында, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Павлодар облысының солтүстігінде тұман.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында 1 градус үсік болады.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Қостанай облысының батысында, шығысында найзағай. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, найзай кезінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында тұман түседі. 18 қыркүйекте облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан