- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Нөсер жаңбыр салдарынан...
Нөсер жаңбыр салдарынан Шымкентте 15 ауланы су басқан
Түркістан облысында су басқан көшелерді тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Сайрам, Мақтаарал, Сарыағаш аудандары мен Жетісайда сегіз аула су астында қалды. Нөсер жаңбыр шымкенттік коммуналдық қызметкерлерді әуреге салды.
Қатты жауған жаңбыр жолдарды, үй аулалары мен көпқабатты үйлердің аумақтарын басып қалды. Төтенше жағдай көлік жүргізуішлері мен жаяу жүргіншілерге де қолайсыздық туғызды. Коммуналдық қызметкерлер мен құтқарушылар жаңбыр суын сорып, жерді құрғатуға тырысты. Төтенше жағдай департаменті қаланың төрт ауданындағы бір үйді, 15 аула мен 10 көшені су басып қалғанын мәлімдеді.
"Шымкентте толассыз жаңбыр жауды. 15 ауланы су басып, 3467 текше метр су сорылды. Арықтар мен каналдар тазартылды, проблемалық аймақтар құм салынған қаптармен бекітілді. Қазір қауіп сейілді", – дейді Шымкент қаласы ТЖД ресми өкілі Асқар Шәріп.
Қазір өңірдегі жағдай жақсарған. Алайда синоптиктердің болжауынша, еліміздің оңтүстігінде әзірге күн жылымайды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жайыққызы