Синоптиктер 29 қарашада елдің басым бөлігінде нөсер жаңбыр, көктайғақ, тұманға байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ұлытау облысының солтүстігінде көктайғақ болады.
Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с болады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман түседі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Қызылорда облысының шығысында тұман түседі. Жел батыстан соғады, облыстың батысында, орталығында күші - 15-20 м/с.
Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Түркістан облысының таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с.
Шымкентте оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Абай облысының солтүстігінде, шығысында тұман. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Күндіз облыстың батысында көктайғақ күтіледі.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ, тұман.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Павлодар облысының оңтүстігінде тұман түседі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!