- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Нөсер, боран: алдағы...
Нөсер, боран: алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Фото:
Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов
Синоптиктер 14-16 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Метеорологтар мәліметінше, атлантикалық циклон Қазақстан аумағы арқылы батыстан шығысқа қарай ығысады. Нәтижесінде, апта басы бұлтты болады, қар жауады, елдің батысы мен оңтүстігінде жаңбыр мен көктайғақ байқалады.
"16 ақпанда Түркістан, Жамбыл облыстарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Республиканың солтүстігінде ғана жоғары қысым әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Батыс пен оңтүстікте жел күшейеді. Ал ауа температурасында күшті өзгерістер күтілмейді", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова