- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Нокианың бұрынғы басшысы...
Нокианың бұрынғы басшысы Microsoft-тан кетті
Microsoft корпорациясының атқарушы директоры Стивен Элоп өз қызметінен кетті. Сонымен қатар, ол финдік Nokia компаниясының бөлімшесіне де басшылық еткен болатын. Бұл туралы Microsoft қызметкерлеріне бағытталған Сатья Наделланың (компанияның қазіргі бас директоры) ресми хатында баяндалды.
Канадалық бизнесмен Nokia смартфондарында Windows Phone оперативті жүйесін қолдануда маңызды рөл атқарған болатын. Айта кетсек, Стивен Элоп Microsoft компаниясында 2008 жылдан бері әртүрлі қызметте отырды. Атап айтқанда, Microsoft Business Division бөлімшесінің жауапты тұлға қызметін атқарып, Microsoft Office платформасының мобильді нұсқаларын дайындаумен айналысады. Кейіннен Nokia бөлімшесінің бас директоры қызметіне ауысады. 2014 жылы Элоп Microsoft корпорациясының бас директоры қызметіне негізгі үміткер ретінде ұсынылып, АҚШ-қа қайта оралады.
Элоптың орнына оперативті жүйе бойынша компанияның бұрынғы вице-президенті Терри Майерсон тағайындалды. Бұдан былай Терри компанияның Windows and Devices Group бөлімшесіне жауапты болады.
Айта кетейік, Элоппен бірге алып корпорациядан стратегиялық жобалар бойынша вице-президент Марк Пенн, бизнес шешімдер тобының жетекшісі Кирилл Татаринов және Microsoft басшылығында 25 жыл түрлі қызметтік мансапта еңбек еткен Эрик Раддерлер де кетеді.
Ж. Өрісбай