Орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) батыл мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстандық боксшы қарсыласы ұлыбританиялық Дензел Бентлиге (17-1-1, 14 КО) үн қатты. Олардың жекпе-жегі 12 қарашада Лас-Вегастағы Palms Casino Resort аренасында өтеді.
"Жекпе-жекке бір ай қалды, қарсыласымды нокаутқа түсіруге дайынмын. Дензел, бапкеріңе дер кезінде орамал тастау керегін айт!" – деп жазды Әлімханұлы Twitter-де.
Еске салайық, Әлімханұлы бұл кездесуде алғаш рет чемпиондық белбеуін қорғайды. Титулдың бұрынғы иегері америкалық Деметриус Андраде (31-0, 19 КО) екінші орта салмаққа ауысқаннан кейін орта дивизиондағы WBO белбеуі Әлімханұлына берілген еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!