- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Інінде жатқан тышқан...
"Інінде жатқан тышқан сияқтымыз": Қарағандыда саяжай тұрғындары жарықсыз отыр
Қарағандыда үш ай бойы қала маңындағы ДСК ауданында орналасқан саяжайларда тұрғындар жарықсыз отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Саяжай тұрғыны Василий Беляковтың отбасы үйді саяжай қоғамынан 6 жыл бұрын сатып алған. Қазір мұнда бес адам тұрады.
"Інінде жатқан тышқандар сияқтымыз. Генератор арқылы күн көреміз. Ақшаның соры. Генератор жағатын жанармайға 100-200 мың теңге жұмсаймыз. Жақында дымсыз қаламыз. Бүкіл ақшамыз майшамға кетіп жатыр. Генераторды көрші үйге барып қуаттап аламыз. Оның өзі кешке дейін жетпейді", - дейді саяжай тұрғыны Василий Беляков.
ДСК ауданындағы үш саяжай қоғамы қоқыс сұрыптау зауытынан электр энергиясын алады. Ол тарифті өз қалауы бойынша белгілейді. Жыл басында ол шығын үшін миллиондаған шот шығарады. Бұл жолы тұрғындар төлеуден бас тартып, сотқа шағымданған. Бірақ олар ақыр аяғында электр қуатынсыз қалып отыр. Тұрғындар қалалық электр желілеріне қосылуды армандайды. Барлық инстанцияға шағым да жазылған.
"Бүгінде Қарағанды қаласының әкімдігі КТП қондырғысының электр беру желісін салу бойынша тұрғындарды электрмен жабдықтау мақсатында мамыр-маусымда жоба жоспарлап, сараптама қорытындысын алып, қаржыландыру шартымен құрылысты бастайды", - дейді Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылық, Көлік және автожолдар бөлімінің маманы Жанболат Тоқмурзин.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова