"Інілеріңді үйде ұстаңдар". Қазнет ел күтпеген жаңалыққа қалай әзілдеп жатыр?

"Інілеріңді үйде ұстаңдар". Қазнет ел күтпеген жаңалыққа қалай әзілдеп жатыр?
Фото: Instagram

Жақында ғана TikTok желісі арқылы танымал әншілер Raim мен Ерке Есмахан көңіл жарастырғаны белгілі болды. Алғашында өздері бұл ақпаратты растамады. Алайда Желіде олардың жұп екенін дәлелдейтін видео мен сурет көбейіп кетті. Кейін Raim да, одан соң Ерке де бірге түскен суреттерін жариялады. Ал осы ақпараттан кейін Қазнетте түрлі әзіл пайда болды. Massaget.kz тілшісі танымал жұптың жаңалығына Желідегілер қалай әзілдеп жатқанына шолу жасады.

"Бір бойдақ жүр, алып кет"

Желіде тараған видеолардың бірінде ер адам кішкентай баланы көрсетіп, бойдақ екенін айтады. Бұл видео 46 мыңнан аса қаралым жинаған.

"Әй, Ерке, біздің бір бойдақ жүр міне. Алып кет", - дейді видеодағы ер адам.

@linakorobko

♬ оригинальный звук - nzh_saya

Желі қолданушылары бұл әзілге түрлі пікір жазған.

"Өзің бағып ал, Ерке", "Ерке біздің Алла Пугачева боп кетті ғой", "Ерке хит болды ғой", - дейді пікір білдіргендер.

"Боздап-боздап болған шығар"

Желіде "Қызық премия" жобасындағы Ерке Есмаханның боз жігітке қатысты айтқаны да әзілге айналып кетті. Жұрт оның "боз жігіт" дегенін енді түсініп жатқандай. 

@kyzykliveresmi Енді түсінікті болдығо БОЗ деп кімді айтқаны?? #kyzykliveresmi ♬ оригинальный звук - Kyzyk_live

Желі қолданушылары арасында Raim-ның жас екенін айтқандар табылған.

"Ерке Пугачева - Райм Галкин", "Райм бала жас кетті енді", - дейді Желідегілер.

"Інілеріңді үйде ұстаңдар"

TikTok қолданушылары тіпті Ерке Есмаханның бір концертте киіп шыққан көйлегіне пародия жасап, әзілге айналдырған.

"Жас адам ұнай ма, жасы үлкен бе?", - делінген видеода.

Видеода қыз әншінің көйлегімен бірдей түстегі көйлек киіп, айналып билейді. Осылайша, "жас адам ұнайды" дегенді меңзейді. Бұл әзіл 2 миллионнан аса қаралым жинаған.

@allmatym Солай?#erkeesmahan ♬ sunet original - here iz memories ??

Бұл видео да Қазнетті күлкіге қарқ қылған.

"Пугачева айтқандай: Сенікі әлі туған жоқ", "Шығармайтындарың жоқ", "Інілеріңді үйде ұстаңдар", "Күшті тренд", - дейді пікір жазғандар.

"Raim-нан кейін 2005-тердің кезегі-ау"

TikTok-та тараған әзілдердің бірінде "Ерке Есмахан" деген жазу ілініп тұрған есіктің алдында жас балалар кезекте тұрғаны көрінеді.

@top.house___ Раймнан кейін 2005-тердің кезегі-ау #fypシ ♬ sunet original - here iz memories ??

Желі қолданушыларының басым көпшілігі Ерке Есмаханды ресейлік әнші Алла Пугачеваға теңеген. Өйткені ол да 2011 жылы ресейлік әртіс, шоумен Максим Галкинге тұрмысқа шыққан еді. Олар жас айырмашылығы - 27 жас.

"Ерке барлық жерде", "Ауыр-ауыр", "Кезек пе, мен бірінші кірейін", "Жастар мықты", "Пугачева сияқты болды ғой", "Үйде 2010 жылғы інім бар еді, бірінші сол кіріп шықсыншы", - дейді Желідегілер.

"Мынаны тығып қояйықшы Еркеден"

Бұл тақырыптан танымал өнер адамдары да шет қалмаған. Белгілі актер Еркебұлан Тоқтар да осындай видео түсірген.

"Менің миым түсірілім кезінде: Raim 1996, Ерке Есмахан 1984. 39-27=12", - делінген видеода.

@erkeufc

♬ sunet original - here iz memories ??

Ал бұл видеоға пікір білдіргендер осы актердің өзін енді тығып ұстау керегін айтып әзілдепті.

"Мынаны тығып қояйықшы Еркеден, келесі жылы отырмайық сүмірейіп", "Еркебұлан да ойланып отыр ғой Райм мен Ерке туралы", "Сен қағып кетпедің бе, қап-ай", "Сені де бір Алла Пугачева күтіп жүр ғой, жаймен дайындала бер", - дейді Желідегілер.

Тіпті ҰБТ-ның мысал есептерін Ерке мен Raim арасындағы жас айырмашылығымен көрсеткен видеолар тараған.

@mobius_math АКТУАЛЬДЫ ТЕМАДАҒЫ ЗАМАНАУИ ЕСЕП! #зимазнаний #учителяказахстана #қазақстанмұғалімдері #mobiusmathmadi #KFCжаңажылға #внимание #арыстанонлайндайындық @erke_esmahan_tiktok @RaiM @Arystan_academy ♬ оригинальный звук - mobius_math

"Есмахан өтті"

shalmustbgone Instagram-парақшасында Ерке Есмахан мен Raim-ның суретіне әзілдеген. Онда "Сен маған есМахансың" делінген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ShalMustBGone (@shalmustbgone)

"Есмахан өтті", "Ерке Есмахан кішілерді жақсы көреді", "Креатив алау ғой", - дейді Желідегілер.

Еске салайық, әнші, рэп орындаушы Raim эстрада әншісі Ерке Есмаханмен арақатынасы туралы ашық айтқан болатын. Артынша Ерке Есмахан да сүйіктісін қолдап, халыққа үн қатқан болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова