- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Никаб пен паранджаға...
Никаб пен паранджаға заң жүзінде тыйым салу ұсынылды
Қырғызстанда никаб пен паранджаға заң жүзінде тыйым салу ұсынылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kg-ға сілтеме жасап.
Қырғызстанда қоғамдық орындарда бетін толық жауып тұратын баскиім киюге тыйым салу ұсынылып отыр. Мұндай ұсынысты депутат Шарапатқан Мәжитова жасады. Ол Өзбекстанда қоғамдық орындарда бетін тұмшалайтын немесе адамды тануда қиындық тудыратын киім киюге тыйым салатын заң қабылданғанын айтты.
"Бұл заң бізге де керек. Көбі паранджа кие бастады. Олар орамал тақсын, бірақ бетті жабудың қажеті жоқ. Бұл өте қауіпті", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Үкімет отырысында Ғани Бектайұлына "хиджаб киюуге рұқсат бересіздер ме, жоқ әлде бермейсіздер ме" деген сұрақ қойылған болатын. Министр бұл сұраққа жауап беруден жалтарды.
"Біз бірнәрсені түсінуіміз керек. Біз бәріміз оған келістік, Конституцияда жазылған, біз зайырлы мемлекетпіз. Сондықтан Конституцияға сәйкес мектептерде өмір сүруі керек деп есептейміз", - деген еді шенеунік.
Кейінірек, министр даулы мәселеге қатысты тағы да пікір білдірді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова